Добавить на Яндекс

Қандай салаттар бар


Үйде тез дайындалатын жеңіл салаттар рецепті

Кенеттен үйіңізге қонақ келіп қалды ма? Немесе тым жұмысбастылыққа салынып, асүйдегі шаруаларға қолыңыз тимей жүр ме? Ендеше, қам жемесеңіз болады. NUR.KZ порталы асүйдегі қыз-келіншектерге арнап, тез әзірленетін әрі жеңіл бірнеше салаттың рецептісін ұсынады.

Сонымен, кеттік...

Сарымсақ қосылған қияр салаты

Дәруменге толы салаттың бұл түрін әзірлеу үшін көп уақытыңызды жұмсап, әуре болмайсыз. Дайындалу жолы оп-оңай. Сізге 500 грамм қияр, 3-5 тіс сарымсақ, 1 бума аскөк, 1/2 лимон мен қалауыңызға қарай ас тұзы мен қара бұрыш қажет.

Алдымен қиярды жақсылап жуып алыңыз. Оны дөңгелек пішіндес етіп орташа қалыңдықта турайсыз. Шамамен 0,5 сантиметр болғаны жөн. Ал сарымсақты қалауыңызға қарай ұсақтауға болады. Көбіне сарымсақты үккіштен өткізіп жасайтындар жиі кездеседі. Дегенмен ол уақытыңызды алады десеңіз, жұқартып турап шығуға болады. Аскөкті де ұсақ етіп турап алыңыз. Бір дана лимонның жартысынан алынған шырынмен араластырып шығыңыз. Салатқа қосылатын майды аздап құюды да ұмытпаңыз. Кейін қалауыңызға қарай ас тұзы мен қара бұрышпен араластырыңыз. Салатыңыз дайын болды. Оны дастарханға қоймас бұрын жарты сағатқа тоңазытқышқа салсаңыз, дәмі ерекшелене түседі. Айтпақшы, қыстың қамын жаз ойла демекші, салаттың бұл түрін консервілеп банкі ретінде жабуға да болады. Ол үшін жарты литрлік банкіге бір ас қасық сірке қышқылын құйыңыз. Бұл кезде салатқа қосылатын майды араластырудың қажеті жоқ.

Тұздалған қияр араласқан картоп салаты

Тойымды әрі дайындалуы да оңай салаттың бұл түрі ерекше тіл үйірерлік дәмге ие екені сөзсіз. Ол үшін сізге 4 дана картоп қажет. Оның қабығын тазалап аршып, ыдысқа салыңыз. Үстіне су құйып (картоп суда батып тұруы тиіс), бір шай қасық тұз себесіз де отқа қоясыз. Шамамен 15-10 минуттай пәсеңдетілген отта қайнатылған соң суын төгіп, тағы да қақпағын жауып отқа қалдырыңыз. Шала піскен картоп 10 минуттай бұқтырылуы тиіс. Мұнан соң картопты кубик етіп турап, тұздалған қиярмен араластырыңыз. Ол үшін сізге екі дана тұздалған қияр қажет болады. Қиярды жұқалап тураған дұрыс. Оның үстіне ұсақтап туралған 10-12 тал аскөкті сеуіп шығыңыз. Талғамыңызға қарай қаймақ құйыңыз.

Қызылша салаты

Қызылша салатының адам денсаулығына аса пайдалы екенін баршамызға белгілі. Ендеше, жеңіл тағамның бұл түрін неге күнделікті тамақтану рационыңызға қоспасқа?

Сарымсақ араласқан қызылша салаты көп шығынды да қажет етпейді. Асүйіңізден 3 дана қызылша, 5 түйір сарымсақ пен 3 ас қасық майонез және қалауыңызға қарай ас тұзы табылса болғаны. Бұл төрт порция салат әзірлеуге жетеді.

Алдымен, қызылшаны шамамен 40 минуттай отта қайнатып алыңыз. Егер қызылша жұмсармаса, әрмен қарай қайнатуды жалғастыра беріңіз. Піскен соң оның қабығын аршып, орташа қалыңдықтағы үккіштен өткізіңіз. Сарымсақты да үккіштен өткізу қажет. Кейін талғамыңызға қарай ас тұзын қосып, майонезбен жақсылап араластырып шығыңыз. Дайын салатты бір сағатқа тоңазытқышқа салсаңыз, дәмдірек бола түседі.

Тағы оқыңыздар: Еттен жасалатын тағамдар

«Минутка» салаты

Бар-жоғы он ғана минут уақытыңызды алатын салаттың бұл түрі бір қарағанда әзірленуі қиын секілді көрінеді. Ал шын мәнісінде олай емес. Ол үшін сізге 2-3 дана қызанақ, 1 тіс сарымсақ, 1,5 ас қасық майонез, 50 грамм кептірілген нан (сухарики) мен талғамыңызға қарай қара бұрыш және ас тұзы, ірімшік, аскөк пен салат жапырақшалары қажет.

Қызанақты жасылап жуып алған соң қалауыңызға қарай тураңыз. Тым ірі немесе тым ұсақ болмағаны абзал. Мұнан соң ірімшік пен сарымсақты бөлек үккіштен өткізесіз. Кейін ас тұзы мен қара бұрышты қалауыңызша сеуіп, барлығын мұқият араластырыңыз. Аскөкті де араластыруға болады. Соңында кептірілген нанды бетіне қойып шығыңыз. Себебі нан дымқылданып, езіліп кетпеуі қажет. Ыдысқа салмас бұрын астына салат жапырақшаларын төсесеңіз, тәбетті ашарлықтай кейіп береді.

Орамжапырақтан жасалған жеңіл салат

Орамжапырақ асты қорытып қана қоймай, артық салмақтан арылуды ойлап бас қатырып жүргендер үшін таптырмас көкөніс түріне жатады. Ендеше, неге салат әзірлемеске? Төрт порция салаттың бұл түрін әзірлеу үшін сізге көлемі кішірек бір дана орамжапырақ, 2-3 дана қызанақ, 2-3 дана жұмыртқа, 1 бума аскөк, 2-3 ас қасық өсімдік майы немесе қалауыңызға қарай тура сондай көлемде майонез және ас тұзы қажет. Ең бірінші жұмыртқаны қайнатып алыңыз. Піскен соң қабығын ашып, кубик пішіндес етіп тураңыз. Кейін орамжапырақты ұзынша етіп ұсақтайсыз. Аскөкті тіптен ұсақ етіп, ал қызанақты ұзынша немесе кубик етіп тураған абзал. Көкөніс майын немесе майонез және ас тұзын сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Дәруменге толы салат дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

Жазғы жеңіл салаттар | КТК

Жазда майлы, қорытылуы қиын ауыр тағамнан гөрі қоректік заттары мол жеңіл-желпі салат жеген әлдеқайда ұтымды. Салат дайындау әлдеқайда жеңіл болатындығын айтпағанда, жаңа піскен көкөніс салаттары әрқашан да дәмді әрі пайдалы. Тек өсімдік комбинациясын үйлестіріп, дәмін келтіре алсақ болды.

Жазғы салаттарды таңғы, түскі, кешкі асқа шексіз мөлшерде жеуге болады. Бұл жаз бойы артық алмағынан арылғысы келетіндерге де қатысты.

Бала кезімізден таныс жазғы салаттан бастайық.

Ең жеңіл жазғы салат

300 г шалғам (редиска),

4 пісірілген жұмыртқа,

100 г жасыл пияз,

30 г аскөк (укроп),

30 г ақжелкен (петрушка),

Қаймақ немесе майонез;

Піскен жұмыртқаны төртбұрыштап турап, шалғамды дөңгелектеп кесіп, пияз, аскөк, ақжелкенді ұсақтап турап, аздап тұз сеуіп араластырамыз да, үстіне қаймақ құямыз.

Түрлі-түсті қырыққабат қосып та тура осындай салат жасауға болады.

 

Түрлі түсті салат

400 г түрлі-түсті қырыққабат,

350 г шалғам,

1 лимон

50 г өсімдік майы,

40 г аскөк, ақжелкен мен жасыл пияз, қант, тұз, бұрыш.

Шалғамды тілімдеп тураймыз. Түрлі-түсті қырыққабаттың шоғырларын бөліп тұз салынған суға қайнатып, салқындатамыз. Содан кейін оны шалғаммен араластырамыз. Май,лимон шырыны, майдалап туралған пияз, қант, бұрыш және тұздан тұздық жасап, салатқа құйып, араластырамыз.

Қарапайым және сүйікті жұмыртқа мен жаңа қияр салаты. Бұл өте дәмді және егер сіз тырыссаңыз, қонақтар кенеттен сізге келсе, оны сәнді мерекелік салатқа айналдыра аласыз.

Сондай-ақ, қияр мен піскен жұмысртқадан да осындай салат жасауға болады.

Әдемі салат

300 г қияр,

3 пісірілген жұмыртқа,

1 ас қасық лимон шырыны,

3 ас қасық. қаймақ немесе майонез,

жасыл пияз, көк шөптер (аскөк, ақжелкен), тұз;

Қиярды жіңішкелеп белдеулеп кесеміз. Піскен жұмыртқанцың ағын да жіңішкелеп турап, сарысын және жасыл пиязды майдалап тураймыз. Араластырып, үстіне қаймақ пен лимон шырынын қосамыз. Егер майонез қолдансаңыз, лимон шырыны мен тұзды қоспайсыз. Салат дайын.  

 

 

Балғын салат

Бұл өте дәмді, сергітетін, тәтті және қышқыл салат. Қайнатылған ыстық картоппен бірге ет, балыққа қосымша ретінде, тіпті нанға да жағып жеуге болады.

1 жасыл шалғам,

1 қышқыл алма,

1 сәбіз,

1 қияр,

1 пияз,

1-2 ас қасық туралған ақжелкен,

1 ас қасық туралған жасыл пияз,

1 түйір сарымсақ,

1-2 ас қасық. хош иісті сірке суы,

1-2 ас қасық өсімдік майы,

дәміне қарай тұз, қант.

Көкөністерді аршып, жуып, ірі тесікті үккіштен өткізіп, пиязды жолақтап турап, хош иісті сірке суын құйып, қолыңызбен мыжып араластырып, біразға қойып қойыңыз. Жасылдарды, сарымсақты  ұсақтап турап, бәрін араластырып, дәміне қарай тұз, өсімдік майын қосып, қажет болған жағдайда дәміне қарай аздап қант қосыңыз.

Ең пайдалы балдыркөк (сельдерей) салаты

Балдыркөк дәрумендерге, минералдарға, қышқылға, ақуызға бай. Балдыркөк қартаю процесін бәсеңдетеді, ас қорытуға мықты әсер етеді, ағзаны токсиндерден тазарты, жүйке жүйесін тыныштандырады, сонымен қатар теріге жақсы әсер етеді. Ащы өсімдіктің пайдасымен қоса, одан жасалған салат та дәмді.

Балдыркөк қияр мен және жасыл шөптермен жақсы жүреді. Өз  бетіңізше тәжірибе жасап, балдыркөкті түрлі алаттарға қосып көріңіз, ол салаттардың дәмін мүлдем бұзбайды, керісінше,  пайдалы және дәмді етеді.  

150 г балдыркөк тамыры,

2 сәбіз,

1 жасыл, қышқыл алма,

3 ас қасық қаймақ,

1,5 ас қасық лимон шырыны, дәміне қарай тұз.

Балдыркөк тамырын аршып, алма, сәбізбен бірге ірі тесікті үккіштен өткізіңіз. Барлығын жақсылап араластырып, дәміне қарай қаймақ пен лимон шырынын, тұз қосыңыз. Пайдалы әрі дәмді салат дайын!

Шалғам мен аскөк қосылған жазғы салат

1 шалғам, аскөк,

ұнтақталған қара бұрыш,

өсімдік майы,

сәл сірке суы,

дәміне қарай тұз.

Шалғамды жақсылап жуып, өте жұқалап тураңыз. Тұз, бұрыш қосып, қолмен сөгін шығарып қаттырақ араластырыңыз. шін қолдарыңызбен біраз еске түсіріңіз. Сосын үстіне аскөк себіңіз. Салат сіңімді болу үшін 15-20 минут тұруы керек.

 

 

Жас қырыққабат салаты

Жалпы, қырыққабат – салмағын қадағалайтын кез келген адамның арманы. Оның құрамында көмірсулар мен майдың пайда болуына жол бермейтін тартон қышқылы бар. Ерте шыққан жас қырыққабаттан жасалған салаттың бәрі өте пайдалы.  

Ерте шыққан қырыққабаттың кішкентайлау 1 басы,

1 сәбіз,

балдыркөк (дәміне қарай),

1 қияр (немесе тәтті бұрыш),

2 түйір сарымсақ,

зәйтүн немесе өсімдік майы,

тұз.

Сәбізді ірі үккіштен өткізіп, аскөк, ақжелкенді ұсақтап тураймыз. Балдыркөк (сельдерей) қырыққабатқа өте ыңғайлы, қырыққабат салатына ны қорықпай қоса беруге болады. Сарымсақты айдалап турап, қияр немесе тәтті бұрыш қосамыз. Ол талғамыңызға қарай. Салатқа өсімдік майының бірнеше түрін қосқан жақсырақ, мысалы, зәйтүн және хош иісті күнбағыс майын. Күнжіт немесе зығыр майы мен лимон шырынын қоссаңыз тіпті қатып кетеді.

Бұл салаттың тағы бір нұсқасы: туралған қырыққабатқа қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және көк: ақжелкен, аскөк, кинза қосыңыз. Егер сарымсақ қоссаңыз, лимон шырыны артық болады. Үстіне өсімдік майын құйыңыз.

«Денсаулық» салаты

¼ кішкентай жас қырыққабат,

Салат жапырақтары 1 байлам

1 қияр

1 алма

1 тәтті бұрыш

1 ірі  қызанақ

2 ас қасық. ұсақталған жаңғақ.

Тұздығы:

Қыша,

өсімдік майы,

ұнтақталған бұрыш,

тұз.

Көкөністерді жуып, ас сүлгімен суын сорғытып алыңыз. Бұрышты қақ ортасынан бөліп, сабағын және тұқымдарын алып тастап, өзін ши етіп тураңыз. Ірі үккіштен қияр мен алманы өткізіңіз. Қырыққабатты ұсақтап, тұзбен бірге қолыңызбен араластырыңыз. Үлкен салат жапырақтарын жұлып-жұлып салыңыз. Қызанақты ірілеп тураңыз. Дайындалған көкөністерді салат ыдысына салыңыз да, жақсылап араластырыңыз. Тұздығына лимонның бір тілімінен шырынды сығып, қыша, өсімдік майы, тұз және ұнтақталған бұрыш қосып, жақсылап араластырып, салатқа құйып, үстіне ұсақталған жаңғақ себіңіз.

Бұл салаттың дәмін ерекше етуге сарымсақ пен үгілген райхан гүлін қосуға болады.

Кәдіден (кабачок) жасалған тіскебасар-салат

1 орташа кәді,

2-3 түйір сарымсақ,

күнбағыс майы,

ақжелкен,

майонез,

дәміне қарай тұз.

Кәдіні қабығынан тазалап, кішкене төртбұрыштар турап, күнбағыс майына қуырамыз. Сосын салқындатып, сарымсақ салып, тұздап,  майонез құйып, ақжелкен қосыңыз.

Бұл салатта кәдінің орнына баклажан салуға болады. Сонда  мүлдем дайын тағам болып шығады, дәмі де өзгеше болмақ.

Дәмді, оңай және тез - бұл біздің жазғы мәзіріміздің ұраны!

Оқи отырыңыз: Дәмді қарбыз таңдап үйреніңіз 

Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер 

Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер 

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

​Ең ерекше салаттар

Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!

фото: puzzleit.ru

Қонақ шақырарда әрбір үйбикесі дастарханын жайнатып, барлық тағамдарды дәмді етіп әзірлегенді қалайды. Оның ішінде салатқа ерекше мән береді. Өйткені қызыл-жасыл, сары түсті көкөністерден дайындалатын салаттар дастарханның сәнін келтіріп, хош иісімен келген қонақтарды баурай түсетіні сөзсіз. Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!

Тез дайындалатын «Патша» салаты

фото: kushat.net

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана жұмыртқа
  • 240 гр. краб таяқшалары
  • 300 гр. қатты сыр
  • 100 гр. кептірілген нан
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • жарты дана лимон
  • майонез

Дайындалуы: Алдымен краб таяқшаларын текшелеп тураймыз. Сосын жұмыртқаны қайнатып, оны да текшелеп турау қажет. Ал, қатты сырды ірі үккіштен өткізесіз. Сарымсақты аршып, майдалап тураңыз немесе арнайы құралмен майдалаңыз.

Барлық керектілерді табаққа салып, майонез, кептірілген нан мен лимон шырынын құясыз да, барлығын жақсылап араластырасыз. Жақсылап араластырғаннан кейін салат та дайын болады.

Тауық етінен «ашқарақ» салаты

фото: chef.tm

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. тауық еті
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1-2 дана пияз
  • 2-4 дана маринадталған қияр
  • 2-4 тіс сарымсақ
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 2-3 ас қасық майонез

Дайындалуы:

Тауық етін тазалап жуып алыңыз. Сосын қазанға су құйып, етті саласыз да, қайнатасыз. 20 минуттай қайнату жеткілікті.

  • Пиязды аршып, жуыңыз да майдалап тураңыз.
  • Сәбізді де аршып, майда үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап әрі жіңішкелеп турап шығыңыз.
  • Тауық етін сүйегінен ажыратып, орташа көлемде турайсыз. Егер ет тым жұмсақ болып піскен болса қолмен үзіп шығуға да болады.
  • Осыдан соң табаға азырақ өсімдік майын құйып, сәбізді қуырып алыңыз. Артынша пиязды салып, оны бөлек қуырыңыз. Содан соң сәбізді де, пиязды да суытып қою керек.
  • Сарымсақтыаршып, майдалап тураңыз.
  • Ал, маринадталған қиярды ұзыншалап әрі жіңішке етіп турайсыз.
  • Соңында барлық қоспаларды табаққа салып, майонез қосасыз да араластырасыз.

Ананастан күтірлек салат

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. тауық еті
  • 200 гр. консервіленген ананас
  • 200 гр. қатты сыр
  • 100 гр. ақ нан
  • 40 мл өсімдік майы

Дайындалуы:

Тауық етін ірілеп турап алу керек.

Табаға май құйып, қыздырып, етті қуырады. Етті қызарғанша қуырып, тәрелкеге салып алыңыз. Сосын табаға текшелеп туралған нанды салыпқызарғанша қуырыңыз.

Консервіленген ананасты да текшелеп турау керек.

Сырды ірі үккіштен өткіземіз.

Қуырылған етті, ананас пен сыр, кептірілген нанды табаққа салып араластырамыз.

Тұздық ретінде майонез қосуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ

Салаттар мен тіскебасарлар :: :: Готовим для родных

"Мексика" салаты

Мексика тамағы бүкіл дүние жүзіне өзінің ерекшеліктерімен әйгілі. Ол испанның аспаздық дәстүрлерінің және ұлы майя мен ацтектердің жұмбақтығының ұштастығымен…
Толығырақ

Апельсин микс

Жас көкөніс салатымен кімді болса да, таңғалдыру қиын. Бірақ, сіз оған апельсин асқатығын қоссаңыз болды, әдеттегі микс таңдаулы цитрус экспромтына айналып…
Толығырақ

Ірімшік бұрыштар

Бұл жұпар иісті тіскебасардың бір таңғаларлық қасиеті барҮ ол өте тез дайындалады және дастарқаннан да соншалықты тез жоғалады! Мәселенің барлығы күнзенің…
Толығырақ

Авокадо мұнарасы

Таңғаларлық жайт, бірақ есептерді қателік нағыз сәулет шедеврінің пайда болуына әкеліп соққан. Қисайған Пиза мұнарасының жұмбағынан шабыт алып, біз авокадо…
Толығырақ

Мүкжидек экспромты

Мүкжидектің пайдалы қасиеттері мен оны дайындаудың оңайлығы баяғыдан бері белгілі. Бұған кермек қышқылды жидектің тәттілігімен ұштастыратын мүкжидек тұздығының…
Толығырақ

Теңіз патшайымы

Мұнша таңдаулы тіскебасар шақырылған астарды көріктендіру және ең талғампаз гурмандардың тәбетін қандыру үшін арнайы жасалғандай. Қызыл уылдырық, король…
Толығырақ

Қуырылған баялды

Кейде тағамның сырт әлпеті ғажап гастрономиялық оқиғаға уәде беретіндей, бір қарағанда жүректі жаулап алады. Балауса қызанақ қосылған қуырған баялдының…
Толығырақ

Күріш қосылған томат

Аздаған шабыт - сонда ең қарапайым тіскебасар керемет тәбетті болып көрінеді. Бұл салат үшін бірегей ыдыс ретінде мәйекті қызанақтарды алып, оларға хош…
Толығырақ

Даниялық таңғы ас

Бұл көркем салатты жасауға даниялық аспаздарды Копенгагендегі күншуық таң: көк жапырақ, ақшаңқан бұлттар, түрлі-түсті үйлер шабыттандырған болар. Бұл тәбетті…
Толығырақ

Итальян триколоры

Бұл тәбетті тіскебасарды жасауға аспаздарды итальян жалауы шабыттандырғанына күмән жоқ. Шырайлы қызанақтардың, нәзік моцарелла мен хош иісті насыбайгүл…
Толығырақ

Теңіз фантазиясы

Аспаздардың қиялы қандай тағамдар туғызбайды десеңші! Мысалы, шабақ пен картоптан жасалған дәстүрлі орыс тіскебасарын алайық та, рецептті аздап өзгертейік.…
Толығырақ

Аскөк қосылған сутіл

Эстетикалық рақат - кез келген астың маңызды бөлігі. Тағам түрінің өзімен тәбет туғызатын уақытта, ол одан сайын дәмді болады. Күншуақ цитрус тұздығы,…
Толығырақ

Таңқы шаян кейктері

Мэриленд штатына ең болмағанда дәстүрлі таңқы шаян кейктері үшін барып қайтуға болады. Салтанатты отельдердің үздік аспаздары жасаған бұл жеңіл тіскебасар…
Толығырақ

Зімбір қосылған мидиялар

Аперитивпен бірге мидиялар ұсынылған дастарқанды әуел бастан сәтті деуге болады. Бірақ, егер мидиялардың нәзік етіне сарымсақ-зімбір тұздығын қатса, сізді…
Толығырақ

"Цезарь" тұздығы қосылған бөдене экспромты

Бұл салат - бір тіске дейтін тағамдар ерекше бағаланатын фуршет үшін тамаша идея. Бөдене жұмыртқалары, биязы хош иісінің арқасында, қытайбұршақ тұздығының…
Толығырақ

Мини-пицца

Жүздеген жылдар бұрын сияқты, бірақ енді кішкентай ауыл пешінен емес, бүгінгі заманның духовкасынан ірімшіктің, күреңіткен қамырдың және тәбетті толтырманың…
Толығырақ

Ірімшік комбосы

Францияның мақтанышын тек тамаша шараптар құрайды деп ойлайтындар қателеседі. Хош иісті ірімшіктерді мұнда өз шеберлігін ғасырлар бойы шыңдаған үздік ірімшік…
Толығырақ

Ыстық азиялық салат

Азия дастарқанының тіпті ең қарапайым тағамы ол қадірлі қонақтардың алдына тартылатындай, мінсіз болуға тиіс. Бұл салатта да қоңды ет мұқият таңдалған…
Толығырақ

"Алқызыл гүл"

Бұл салатқа қарасаң, бірден белгілі ертегі есіңе түседі. Қырыққабат шөптерінің ортасында ғажап алқызыл гүл жайнайды. Блогар бұрышы мен пияздың хош иісті…
Толығырақ

Қышадағы майшабақ

Кескіндеме мен тосын тіскебасарлардың талғампаздары майшабақ пен қыша натюрмортына лайықты бағасын береді. Суретші-аспаздың дарының арқасында, балық қышқыл-тәтті…
Толығырақ

Татымды алмұрттар

Бұл тағам жеміспен эксперименттердің әуесқойларының баршасының көңілінен шығады. Ол мерекелік дастарқанға тарту үшін жақсы, сондай-ақ қонақтар күтпеген…
Толығырақ

Құлпынай тіскебасары

Дастарқанға тарту кезегіне қарай, құлпынай, саумалдық және ірімшік қосылған салат тіскебасар да, тап солай десерт те бола алады. Өнімдердің бейнелі ұштастығы…
Толығырақ

Авокадо жазирасы

Бұдан оңай не болуы мүмкін? Асшаянның биязы еті, авокадоның кілегей реңктері, лаймның жалбыз дәмді кермектігі және салат, ақжелкен мен күнзенің триосы.…
Толығырақ

Тауық еті қосылған "Цезарь"

Тауық еті қосылған "Цезарь" аспаздық қоғамдастықта көп жылдар бұрын танымалдыққа ие болып үлгерді. Биязы әрі нәрлі, ол бүгін де өзінің айнымас табынушыларын…
Толығырақ

Су астындағы той

Біздің алдымызда - нағыз су астындағы той! Бұл тосын тіскебасарда біз теңіздің бағалы сыйлықтарын бір тәрелкеге жинаймыз. Дегдар ақ шарап мидиялардың,…
Толығырақ

Канапе палитрасы

Канапе - дәмдер палитрасында қиялыңды танытудың және мерекелік дастарқанда шедевр жасаудың тамаша мүмкіндігі. Әр түрлі түстер гаммасы мен тақырыптамасы…
Толығырақ

Уылдырық қосылған қайықшалар

Бұл тіскебасар Францияның өзі секілді кербез және сиқырлы тартымдылыққа толы. Салат шашыратқыларының әсем қайықшаларындағы ірімшік кремінің бұлттары және…
Толығырақ

Жазғы салат

Жаздың ұзақ, ыстық, күн шуағы мен ашық бояуларға толы әрбір күні - кішкентай мереке. Бойында жас көкөністерді, аскөкті, қоңды тауық етін, қытырлаған бекон…
Толығырақ

Тако

Тако - дастарқанның нағыз көркі. Бұл ашық түсті тіскебасар тек өзінің тәбет туғызатын келбетімен ғана емес, сонымен бірге қышқыл-тәтті «3 желания. Лечо»…
Толығырақ

Унаги қосылған салат

Унаги қосылған салаттың дәмін татқанда, әркім де өзін сакураның гүлдеуі және цикаданың шырылы туралы әсем хокку ойлап отырған нағыз самурай ретінде сезінеді.…
Толығырақ

Лаваштағы филадельфия

Сіздің алдыңызда аты аңызға айналған ролдарды дайындаудың өте ерекше тәсілі. Ауызда еритін албырт балық пен нәзік кілегей ірімшігі үшін жұқа лаваш жиектеме…
Толығырақ

Кішкене вазалардағы тұздамалар

Күнбағыс майы қосылған тұздаған саңырауқұлақ - мол орыс дастарқанының байырғы тіскебасары әрі дәстүрлі көркі. Бірақ, аспаздық сән өзгереді және тіпті…
Толығырақ

Цуккиниден жасалған ролдар

Асқабақтың жақын туыстары цуккинидің дәмін еуропалықтардың ішінде алғашқы болып итальяндықтар бағалады, және кәділерді ірімшікпен ұштастыру идеясы тап…
Толығырақ

Теңіз құймақтары

Ах, осы теңіз құймақтары: мұнда тәбетті қытырлайтын картоп та, керемет корольдік асшаяндар да, қызыл уылдырықтың шоғы да бар. Ал егер тропикалық дәмнің…
Толығырақ

Бекон қосылған қояншөп

Тіпті қояншөпті де дастарқанға тосын әрі сәнмен тартуға болады. Балауса көк сабақтарды жұқа бекон таспаларымен бірге, қабаттама қамырға құдды гүл шоғыры…
Толығырақ

Үйрек ұясы

Үйрек төсі қосылған тоқ ыстық салаттың құс ұясының пішінін қайталайтыны бекер емес. Керемет сүбе кішкене бөдене жұмыртқалары мен түрлі-түсті көкөністердің…
Толығырақ

Жазғы брускетталар

Биік сән аспаздықта да өз ережелерін алға тартады. Ұштаспайтынды ұштастыру - замануи тамақтың күмәнсіз бренді. Ашық түсті,тәбетті тәтті-ащы жидек брускетталары…
Толығырақ

Балық карпаччосы

Карпаччо жасауға аспаздарды Витторе Карпаччоның ақ-қызыл картиналары шабыттандырған. Шикі еттен жасалған тіскебасар бүгін де XVI ғасырдың венециялық суретшісінің…
Толығырақ

Гуакамоле

Солтүстік және Оңтүстік Америка тұрғындары авокадосыз тамақты көз алдына елестете алмайды. Олар үшін бұл жеміс біз үшін - жазғы салаттағы қияр немесе қызанақ…
Толығырақ

Воловандар

Аспаздық тілінің ақындығы мен дарындылығы өнер тілінен кем түспейді. Әрбір тағам - сіз оның көмегімен өз жақындарыңызға сүйіспеншілігіңізді жеткізетін…
Толығырақ

Черри қосылған брускетталар

Қуырылған нан тілімінің, мәйекті қызанақтар мен сарымсақтың ең қарапайым хош иістері өзара араласып, брускетталарға ерекше тартымдылық береді. Тәбет туғызатын…
Толығырақ

Алқызыл брускетталар

Жаңа піскен багеттің жұпар иісті тілімдері, татымды томаттар мен «3 желания. Лечо» тұздығының жеңіл, қышқыл-тәтті реңкі - осының барлығы тәбетті алқызыл…
Толығырақ

Экзотикалық тұздық қосылған киноадан жасалған бургер

Бургерлер әр түрлі болады. Әдеттегілері - фуд-корттарда, ал қиял-ғажайыптары - сіздің асүйіңізде. Киноадан жасалған биязы котлет және «3 желания. Карри…
Толығырақ

Коул слоу

Танысып қойыңыз, батыс жарты шардың ең танымал салаты - Коул слоу. Бұл жеңіл әрі өте пайдалы салат мейрамханаларда да, жылдам тамақтандыру орындарында…
Толығырақ

Бадана мен ірімшік қосылған жылы салат

Қандай мерекелік дастарқан салатсыз болмақ? Тек, тамақ дайындауды жаны сүйетіндерді екі топқа бөлуге болады: біреулері мәңгі классиканы, мысалы, оливьені…
Толығырақ

Тортильядағы ыстық хот-догтар

Хот-дог - кең тұтынылатын және дайындау өте оңай тағам. Оны кез келген нанда, мысалы, тортильяда тартуға болады. Бірақ, бұл пішініне байланыстысы. Ал ішінде…
Толығырақ

Клярдегі сосискалардан "сегізаяқтар"

Клярдегі сосискалардан "сегізаяқтар" - тек тамаша дәмімен ғана емес, сонымен бірге бірегей тартылуымен қуантады. Тағам міндетті түрде сіздің жақындарыңыздың…
Толығырақ

Тауық және "Цезарь" тұздығы қосылған шаурма

Шаурма – көпшілігіне қоңдылығы мен тоқтығы үшін жаққан тағам. Бірақ оны үй жағдайларында дайындауға болады ма? Оп-оңай! Бүгін біз оңай, жылдам, дәмді және,…
Толығырақ

Бекон, ірімшік және қыша қосылған сэндвич

Сэндвич – тек жүрек жалғаудың ғана емес, сонымен бірге толыққанды түскі ас ішудің ең оңай тәсілі. Ең бастысы - ингредиенттерді дұрыс таңдау. Үлкен, тоқ…
Толығырақ

Теңіз коктейлі

Асшаяндар қосылған коктейль ХХ ғасырдың басындағы сауықкештердің салтанатты көңіл-күйін туғызады. Кербез әрі қарапайым, ол барлық мерекелік фуршеттердің…
Толығырақ

Кәдіден жасалған ащы тіскебасар

Кәді жеке алғанда - аса биязы өнім. Ал егер оған ақжелкекпен араласқан жеңіл йогурт қосса, бір мезгілде биязы әрі ерекше әлде бір тосын нәрсе болып шығады.…
Толығырақ

Томат, сарымсақ және жебіршөп қосып тұмшалап пісірілген цукини

Бойында қарапаййымдылық пен қанық дәм ұштасқан тағамнан не артық болуы мүмкін? Биязы цукини, томаттар, бір шөкім дәмдеуіштер мен татымды тұздық - бұл өте…
Толығырақ

Кабачеро

Бұл тағамның атауынан испанша бірдеңе естіледі, бірақ біз сізге құпиясын ашайық: оның басты ингредиенті - кәдімгі кәді. Біздің жазғы-күзгі мәзірімізді…
Толығырақ

Беконоролл

Дәмді таңғалдыру - өте оңай! Ол үшін үйреншікті ингредиенттерді алып, олардан әлдебір жаңа нәрсе, мысалы, беконороллалар жасау керек. Олар наннан, беконнан…
Толығырақ

Аджидилья

Бәліштер мен пицца рецепттерінің орасан саны бар. Ал егер бәліш пен пиццаның арасында бірдеңе таңдап, жылдам әрі оңай дайындауға болатынын қаласаң, онда…
Толығырақ

Тартарио

Мереке күндері қонақтарды тосын әрі жеңіл бәр нәрсемен қуантқың келеді. Азғантай қиял, қарапайым рецепт және дастарқанды бірегей «Тартарио» салаты көркейтеді.
Толығырақ

Лососенте

«Лососенте» – оңай дайындалуымен, тамаша дәмімен және қызық ұсынылуымен ерекшеленетін салат. Осы салатты дайындап көріңіз, ол сіздің мерекелік дастарқаныңызды…
Толығырақ

Сырческо

Қонақтарды қандай тіскебасармен таңғалдыруға болады? Ірімшік шариктерінің үш түрінен ассорти - тамаша амал. Ингредиенттерін қалауыңызға қарай үстеңіз де,…
Толығырақ

Корзинетти

Мерекелік дастарқан жапқанда, тек безендіру мерекелік болып қана қоймай, сонымен бірге тағамдардың өздерінің қалай тартылғанымен таңғалдырғанын қалайсың.…
Толығырақ

Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

Қонақ шақырарда әйелдер жағы алдымен дастархан мәзірін ойлайды. Әсіресе дастарханның сәнін келтірер салат дайындауда олар бар өнерін салады. Осындайда өте дәмді тауық етінен жасалатын салат "өтімді" болады.


фото: foodman.club

Тауық еті мен ананастан салат

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. тауық еті
  • 1 банка консервіленген жүгері
  • 1 банка консервіленген ананас
  • 3 дана жұмыртқа
  • 100 гр. сыр
  • 3 ас қасық майонез

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық еті мен жұмыртқаны алдын ала қайнатып пісіріп алыңыз. Сосын сырды салаттың ең бетіне үккіштен өткізіп салу керек. Сонда өте әдемі әрі дәмді салат шығады.
  2. Салаттың бетін әсемдегіңіз келсе, жүгеріні, ананасты, аскөкті пайдалануға болады.
  3. Содан соң тауық етін, турап, тәрелкенің ең астына саласыз. Бетіне майонез жағыңыз.
  4. Екінші қабатқа жүгеріні салыңыз. Оның да бетіне майонез жағып, консервіленген ананасты саласыз.
  5. Ананастың бетіне де майонез жағылады.
  6. Жұмыртқаны ірі үккіштен өткізіп, оны себелейсіз де, майонез жағасыз.

Тауық еті мен брынзадан дайындалған салат

фото: fannykitchen.com

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана тауық еті
  • 50 гр. брынза
  • 1 дана лимон
  • 1 дана салат жапырағы
  • 1 дана қияр
  • 3 дана қызанақ
  • ½ дана қызыл пияз
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 5 гр. сарымсақ
  • 60 мл зәйтүн майы (қуыру үшін)
  • Дәміне қарай орегано, зәйтүн, тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін тазалап жуып, кептіріп қойыңыз. Сосын етке лимон шырынын, тұз, бұрышты, азырақ орегано қосасыз. Барлығын араластырып, маринадтап қоясыз.
  2. Ал, басқа да керектілерді дайындау үшін, алдымен зәйтүн майын, лимон шырынын және ұнтақталған сарымсақты араластырыңыз. Осы араласпаға тұз, бұрыш, орегано қосу керек. Барлығын араластырып, туралған көкөністерді саласыз.
  3. Тауық етін майға қуырып аласыз. Пісіп шыққан соң салатқа қосыңыз. Салатқа қалауыңызша зәйтүндерді, брынзаны, сырды қоса аласыз. Соңында зәйтүн майы араласпасын құйып, тәрелкеге саласыз да, дастарханға ұсына бересіз. Салат дайын!

Әзірлеген: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Салат — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Салат(лат. Lactuca sativa ) — тағамға жапырағы пайдаланылатын, құрамында витаминдар, каротин, темір тұздары мен фосфоры мол, күрделі гүлділерғе жататын, биіктігі 60— 120 см болатын жемісі дәнек, бір жылдық көкөніс.[1]

Салат (тағам) — жаңа жиналған, шикі, асқан, ашытқан, маринадталған, тұздалған көкөністерден, сондай-ақ салаттық көкөністер мен маринадталған жемістерден және жидектерден, асқан, қуырған, ысталған, сүрленген ет немесе балық өнімдерінен, жұмыртқалау саңырауқұлақтан, тағы басқалардан әзірленеді. Салатқа арналған бүкіл азық-түлікті әуелі салқындатып, содан соң жұқалан немесе ұзынша әрі жіңішкеле іі кесу керек. Шикі көкөніс сал аттары дастарқанға қояр алдында дайындал ады. Көкөніс туралғаннан кейін жарық жерде ұзақ тұрып қалса, жұғымдылығы мен дәмін жолды. Дастарқанға қоярда сал аттың үстіне қаймақ, өсімдік майы мен сірке су қоспасыз, қант қосылған лимон шырыны мен майонез құяды. Ол дастарқанға көкөніс сал аты ның жапырақтарымен, петрушкамен, помидор, қияр тіліктерімен, тағы басқалармен әсемделіп,арнайы сал ат ыдысына салынып әкелінеді.[2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар

Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет.

Бірінші салатымыздың құрамында брокколи (broccoli) бар. Бұл өсімдіктің ағзаға не пайдасы бар? Брокколиде А, С, Е, В1, В2, РР дәрумендері мен минералды заттар (калий, кальций, темір, натрий, фосфор, магний, мырыш, марганец, йод, хром, бор) бар. Оған қоса, метионин, тиамин, фолий қышқылы, холин мен рибофлавин бар.

Сонымен, брокколиден жасалған салат үшін бізге не қажет:

- брокколи

- қияр (бізде тұздалған)

- сәбіз

- жүгері (консервіден)

- өсімдік майы

Бірінші, сәбіз бен брокколиді суға салып пісіреміз.

Қиярды турап аламыз.

Сәбізді үккіштен өткізіп аламыз.

Брокколиді турап аламыз.

Май мен жүгеріні қосып, араластырамыз, қажет деп есептесеңіз, лимон шырынын аздап қосуға да болады.

Салат дайын.


Келесі салат одан да жеңіл жасалынады, ал оның басты қосындысы - шпинат (саумалдық). Шпинаттың ағзаға не пайдасы бар? Шпинаттың құрамында жасұнық (клетчатка), калий, кальций, фосфор, магний, натрий, темір, цинк, магний, фтор, С, В1, В2, В3, В6, РР, Е, К, Р, D, Н дәрумендері, фолий қышқылы (В9 дәрумені), А продәрумені (каротин) бар. Шпинаттағы С мен А дәрумендерінің ерекшілігі - пісірілген кезде олар өз пайдасын жоғалтпайды.

Шпинат К дәруменіне өте бай, бұл дәрумен сүйегіміздің берік болуына әсер етеді.

Салат үшін бізге не қажет:

- шпинат

- қызанақ

- лимон

- фета ірімшігі

Шпинат, фета мен қызанақты турап аламыз.

Лимон шырынын қосып, араластырамыз.

Кейін бұл салатты жиі жасағандықтан, болгар бұрышын турап, зәйтүн қосатын болдым. Сіз де жасап көріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

© Екпін

Жаңажылдық салаттар: 5 тағамның рецептісі

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Қазақстандағы көптеген қыз-келіншекті мазалайтын бір сұрақ бар. Ол — "Кешкі асқа не әзірлеймін?" деген сұрақ. Бұл ой, әсіресе, мереке қарсаңында мазалай түседі. Егер сіз де осы қыз-келіншектер қатарынан болсаңыз, төмендегі мәзірге зер салыңыз. Бәлкім сіз де ішінен жақындарыңызды қуантатын тағамды таңдарсыз.

Көздің жауын алған "Рафаэлло"

Кейбір асүй ханшайымдары үшін мереке қарсаңында дәмді тағам әзірлеп қана қою жеткіліксіз. Олар дастарханға қойылған әр тағамның тойымды әрі әдемі етіп безендірілгенін қалайды. Егер сіз де осы ханшайымдар қатарынан болсаңыз, сұлулықты жаны сүйетін жақындарыңызды "Рафаэлло" салатымен қуантыңыз. Себебі, бұл салатты әдемі қорапқа салып безендірген сыйлықпен шатастырып алуға болады. Оның үстіне құрамына ер адамдар мен балалар сүйіп жейтін тағамдар қосылады.

Оны әзірлеу үшін бізге 500 грамм тауық еті, 6 жұмыртқа, 200 грамм ірімшік, 1 пияз, ақжелкен, 2 кішкене тіс сарымсақ, тұз, сәбіз бен қызылша қажет.

© Sputnik / Қарлыға Бүйенбай

Тәрелкеге салынған тауық еті

Ең бірінші тауық етін барынша майда етіп турап, табаға салып қуырамыз. Жақсылап қуырылған соң көлемін төртбұрышты етіп тәрелкаға саламыз. Кейін үстіне пиязды майдалап турап, майонез жағамыз. Ірімшік, сарымсақ және жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлек-бөлек үккіштен өткізіп аламыз. Алғашқы үшеуін майонез қосып жақсылап араластырып, тұз себеміз. Кейін осы қоспаны тауық етінің үстіне салып, салат бетіне жұмыртқаның ағын себеміз. Ең соңында сәбіз, қызылша және ақжелкеннің көмегімен суреттегідей етіп безендіреміз. Осымен "Рафаэлло" салаты дайын.

Қарлыға Бүйенбай

Дәмі тіл үйіретін жаңажылдық дәмтатым

Арзан салат: дәмтатым

Кейде Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттап, жалақы алғанға дейін ақша тапшылығынан қысылып қаламыз. Бірақ қонақжай халық болған соң, мереке кезінде келетіндер көп болатыны сөзсіз. Осы кезде көп көкөністі қажет етпейтін дәмтатым әзірлеуге болады. Әрине, "Рафаэлло" салаты секілді сыртқы көрінісімен қонақтарды таң-тамаша етпесе де, ауызда балдай еритін болады. Бұл сөзімді тікелей түсінсеңіз де құба-құп. Себебі, дәмтатып құрамында бал бар.

Қарлыға Бүйенбай

Дәмтатым әзірлеуге арналған қоспа

Оны дайындау үшін бізге 4 қызанақ, 3 тіс сарымсақ, пияз, екі шай қасық бал, төрт шай қасық өсімдік майы, екі шай қасық лимон шырыны және тұз бен бұрыш қажет. Осы азық-түліктерді түгендеп алған болсаңыз, дәмтатымды әзірлеуге кірісейік.

Қызанақ пен пиязды жарты ай етіп турап, қақпағы жабылатын ыдысқа саламыз. Кейін бөлек ыдысқа сарымсақ, аскөк, балды салып, үстіне өсімдік майы мен лимон шырынын құямыз. Ең соңында барлығын бірге араластырып, бір тәулікке тоңазытқышқа қоямыз. Осымен дәмтатым дайын.

Қарлыға Бүйенбай

Дайын болған "Раушан гүл" кексі

"Раушан гүл" кексі

Жаңажылдық дастарханды тәтті тағамдарсыз елестету қиын. Нәзік жандыларды "Раушан гүл" кекстерімен қуантуға қалай қарайсыз? Оны әзірлеу үшін бізге 3 жұмыртқа, 450 грамм қант, 500 грамм ұн, 300 грамм қаймақ, 1 құты қоюлатылған сүт, бір жарым шай қасық қамыр қопсытқыш және бір шай қасық ванилин қажет.

Жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа салып, үстіне қант саламыз. Жақсылап араластырып алған соң қамыр қопсытқышы мен ванилинді қосамыз. Шетінен ұн салып және алдын ала ерітілген майды қоса отырып араластырамыз.

Қарлыға Бүйенбай

"Раушан гүл" кексін әзірлеуге арналған ыдыс

Барлығы дайын болған соң ыдысқа алдымен бір шай қасық қамыр, бір шай қасық қоюлатылған сүт салып, кейін үстін тағы да бір қасық қамырмен жабамыз. Соңында 180 градустағы пеште 20 минут пісіреміз. Дайын болған кекстерді бірден дастарханның төріне жайғастырсаңыз болады.

Қарлыға Бүйенбай

Үйде әзірленген KFC

Үйде әзірленген KFC

Жаңа жылды жасы үлкендерден бұрын балалар асыға күтеді. Олай болса, неге балаларды сүйікті KFC-мен қуантпасқа?! Оны үйде де әзірлеуге болатынын білесіз бе? Әдеттегідей, алдымен, азық-түліктерді түгендеп алайық. Бізге ұн, өсімдік майы, чим-чим кәріс дәмдеуіші, крахмал, чили, паприка, тұз, тауық қанаты, жүгері қауызы, тауық етіне арналған кептірілген нанның ұнтағы және су қажет болады.

Шұңғыл ыдысқа көз мөлшермен тауық қанатының сыртын көмкеруге жететіндей етіп ұн саламыз. Жоғарыдағы барлық дәмдеуішті осы ұнның үстіне сеуіп, қоюланғанша су құямыз. Артынша үстіне тауық қанаттарын салып, үш сағатқа бетін жауып қоямыз.

Қарлыға Бүйенбай

KFC-ді жүгері қауызы салынған табаққа салып араластыру

Дәмдеуіштер тауық қанатына сіңгенше, жүгері қауызын майдалап, тауық етіне арналған кептірілген нанның ұнтағымен араластырамыз. Арада үш сағат өткен соң тауық етін осы ұнтаққа салып араластырып, жақсылап қуырамыз. Балаларыңызды қуантуға арналған KFC дайын!

© Sputnik / Қарлыға Бүйенбай

Дайын болған "Қарныжарық" салаты

Құрбыларға тосынсый

Қонаққа келетін туыстарыңыз бен құрбыларыңыз түрік хикаяларын жақсы көре ме? Бүгінде түрік хикаяларын өмірінде бір рет болсын көрмеген адам кемде кем шығар. Осы хикаялардан баялдыдан жасалған тағамдарды да жиі көретін болар.  Ал Түркияда баялдының 40-қа жуық түрін өсіреді. Олай болса, осы жақындарыңызды түріктер сүйіп жейтін баялдыдан жасалған тағаммен қуантсақ қалай қарайсыз?

Қарныжарық атты салатты әзірлеу үшін бізге 6 баялды, 1 килограмм қызанақ, 350 грамм фарш, бір бас пияз, 300 грамм болгар бұрышы, өсімдік майы және тұз бен су қажет.

© Sputnik / Қарлыға Бүйенбай

"Қарныжарық" салатын енді пешке сала беруге болады

Шұңғыл ыдысқа тұз салып, үстіне су құямыз. Кейін осы ыдысқа ішкі бөлігі ойылған баялдыны саламыз. Баялдымызға тұз сіңгенше ет пен пиязды еттурағыштан өткіземіз. Ет, пияз, майда етіп туралған қызанақ пен болгар бұрышы — төртеуін табаға салып қуырамыз. Кейін баялдыны бөлек қуырып алған соң ішіне осы уақытқа дейін әзірлеген қоспаны салып, үстін қызанақ және болгар бұрышымен безендіреміз. Бұдан өзге қалған қызанақты еттурағыштан өткізіп, тұз сеуіп, пеш ыдысына құямыз. Соңында 200 градуста қызып тұрған пешке салып, 15 минут пісіреміз. Осымен қарныжарық дайын.

Астарыңыз дәмді болсын! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға бақ пен береке алып келсін!

Салат / asmaziri.kz

Салат — кез келген мейрам дастарханының сәнін ашар дәмді мәзір түрлері. Салатты көбіне біздер мейрамдарда, күнделікті дастархан мәзіріне немесе өз қалауымыз бойынша дайындап жатамыз. Ал оның жасалу жолын Интернеттен, мәзір журнал-кітаптардан іздестіретініміз рас немесе құрбылардан сұрап жатамыз. Осыған орай біз сіздерге салат түрлерін ұсынып, бөлісіп отыруды жөн көрдік. Асмәзіріндегі салаттар бұл дүниежүзі халықтарының түрлі салаттары.

Салаттар әдетте кез келген көкөніс, ет, балық еті, дүкен өнімдерімен дайындалады. Егер сіз өзіңізге керек салат түрін іздесеңіз бізге келіңіз, Сіз үшін салаттың небір түрі осында!

Ұнаған салатыңыздың мәзірімен таныса отырып, сайтымызға өз пікіріңізді қалдыруыңызға болады! Сәттіліктер болсын! =))

Администраторлар: 1

Модераторлар: 0
Модераторлар бұл жерде көрінбейді

Оқырмандар: 15

Жазға арналған жеңіл салаттар

Жаздың күні бәріміз де жеміс-жидектер мен көкөністер жегенді жақсы көреміз. Өйткені, олар біздің ағзамызды түрлі аурулардан сақтап, пайдалы заттармен қамтамасыз етеді. Бүгін біз сіздерге жазғы тағамдардан жасалатын бір топ салаттарды ұсынғымыз келіп отыр. 

1. Алма және жанжабіл қосылған сәбіз салаты

Керекті азық-түліктер:

3 сәбіз;
1 алма;
үгілген 2 ас қасық жанжабіл;
көк жуа;
1/4 стақан грек немесе миндаль жаңғағы.

Тұздық дайындау үшін:

1 ас қасық сірке суы;
1 ас қасық үйеңкі шәрбаты;
2 ас қасық зәйтүн майы;
тұз және бұрыш.

Алдымен асүй комбайнымен сәбіз бен алманы уақтап, жанжабілдің тамырын тазалап, үккішпен ұсақтаңыз. Сосын көк жуаны  кесіп, бәрін табаққа салып, жаңғақ қосыңыз. Ал тұздығын дайындау үшін сірке суы, үйеңкі шәрбаты және зәйтүн майын араластырып, үстіне тұз бен бұрыш салсаңыз болады. 

Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбеден жасалатын салат

Керекті азық-түліктер:

500 грамм брюссель қырыққабаты;
1 стақан грек жаңғағы;
50 грамм сүрсүбе;
жүзім.

Тұздыққа:

2 ас қасық қыша;
2 ас қасық үйеңкі шәрбаты;
3 ас қасық алма сірке суы;
3,5 ас қасық зәйтүн майы;
тұз бен бұрыш.

Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбені жұқалап турап, табаққа салыңыз. Грек жаңғағын 3-5 минут қуырып, жүзіммен бірге қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін тұздық дайындауға көшіңіз. Ол үшін жоғарыда айтылған заттардың барлығын блендермен араластырсаңыз болғаны. 

Картоптан жасалатын салат

Керекті азық-түліктер:

5 картоп;
кинза мен укроп;
5-6 черри қызанағы.

Тұздыққа:

1/2 стақан кешью;
2 ас қасық қыша;
чили бұрышының бір салымы;
2 түйір сарымсақ;
60 мл лимон шырыны;
50 мл су.

Картопты қуырып, кинза, аскөк және қақ ортасынан кесілген черри қызанағын қосып, араластырыңыз. Содан соң кешью жаңғағын, лимон шырынын, қыша, сарымсақ, су қосып, тұздық дайындаңыз. 

Бұл салаттар жазда жүрек жалғап алуға жақсы. Ас болсын!

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Қызылша — дәмді, құрамында пайдалы дәрумендері мен қанты көп, денсаулыққа пайдалы көкөністердің бірі. Ол ағзада қанның көбеюіне жағдай жасайды. Ең бастысы, одан кез келген адам сүйіп жейтін салаттардың түрлісін әзірлеуге болады. Назарларыңызға қызылшадан әзірленген 3 түрлі салат ұсынамыз. 

Қызылша мен қара өріктен әзірленген салат

(Ингредиенттер 4 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 1 кг қызылша;

- 200 г қара өрік;

- 200 г сары өрік;

- 5 грек жаңғағы;

- 250 г майонез;

- тұз.

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатып, қабығын аршимыз. Кептірілген жемістер қатты болса, ыстық суға салып, жұмсартып аламыз. Жұмсарған соң оларды кесеміз. Бірақ өте кішкентай қылудың қажеті жоқ. Грек жаңғақтарын да кесеміз. Барлығын қызылшамен араластырып, тұз себеміз, кейін майонезбен араластырамыз.

Корейше қызылша

(Ингредиенттер 10 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер:

- 500 г қызылша;

- 3 тіс сарымсақ;

- 0,5 шай қасық қызыл бұрыш;

- 1 шай қасық үгітілген күнзе;

- 70 мл сірке қышқылы;

- тұз.

Әзірленуі:

Қызылшаны жақсылап жуып, суға салып қайнатыңыз. Артынша үккіштен өткізіңіз немесе жіңішке қылып тураңыз. Ыдысқа салыңыз. Ал сарымсақты ұсақтап тураңыз. Артынша қызылшаның үстіне сарымсақты салып, тұз себіңіз, сірке қышқылын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Қызылшаны ыдысымен қайнап тұрған судың үстіне қойып, 20 минут бойы ішіндегі тағамдарды араластырыңыз. Артынша оттан алып, бұрыш, күнзе және натрий глютаматын қосыңыз. Өсімдік майын салатқа құймас бұрын, табаға құйып ысытып алыңыз. Артынша қызылшаның үстіне құйып, барлығын 12 сағатқа қалдырыңыз.

Фаршталған қызылша

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 400 г қызылша;

- 300 г сиыр еті;

- 2 бас пияз;

- қаймақ;

- өсімдік майы;

- тұз;

- қара бұрыш.

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатыңыз. Ет пен пиязды және дәмдеуіштерді бұқтырыңыз. Піскен қызылшаның қабығын аршып, ортасын ойып алыңыз. Осы ортасына бұқтырған ет пен пиязымызды салып, бетіне қаймақ жағып, 15 минутқа пешке салыңыз. Артынша дайын болған тағамды көк шөппен безендіріңіз. Фаршқа күріш немесе мейіз, күріш, қатық пен қант қосылған тәтті фарш қосуға болады. Осымен салаттарымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!


Смотрите также